Танысының атына несие рәсімдеп, алдап кеткен

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

«Тауарлық несие рәсімдеп, ақшасын ай сайын қолма-қол бөліп төлеймін» деп тұрғындарды алдап, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкентте, 2022 жылдың 18-қазанында орын алған.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, бір жылдан бергі танысы «телефон қосымшасы арқылы 1 000 000 (бір миллион) теңгеге тауарлық несие рәсімдеп, құнын өзім төлеймін» деп сендіріп, түскен қаржыны алған соң әлі күнге төлемей жүргендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 28-де, жұмыссыз.

Ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын жеткізді.

Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий