Танзания президенті Джон Магуфулиді жерлеу рәсімінде кем дегенде 45 адам тапталып қайтыс болды, 37 адам жараланды. Оқиға 21 наурызда Додома қаласындағы Дар-Эс-Салам стадионында болған. Бұл туралы 30 наурызда африкалық басылымдар хабарлады.
Танзания полициясы президентпен қоштасуға өте көп адам келгенін, олар көп күткісі келмей стадионға айналып кірмек болды. Сол кезде адамдар бір-бірін таптаған.
Джон Магуфули 17 наурызда 61 жасында дүниеден өтті. Билік оның жүрек талмасынан қайтыс болғанын хабарлаған. Наурыздың басында Магуфули жұрт алдына шықпай кеткен. Оппозиция ол Covid ауруына шалдығып, Кениядағы ауруханада жатыр деген.
Магуфули коронавирусқа байланысты елде карантин жарияламай, жұртты дұғамен емделуге шақырған. Ол вакцина егуді кекетіп, маска тақпай, коронавирус жұқтырғандардың санын жариялауға тыйым салды. Магуфули мұнысын шетел ғылымына сенбейтіндігімен түсіндірген.