Тапсырыс бойынша пицца таситын бұғылар әлем назарына ілікті (видео)

Фото: qamshy.kz

Жапония компаниясы ерекше қызмет көрсету түрін ойлап тауыпты. Қақаған қыстың аязында мемлекеттің солтүстігінде пиццаны үйлерге бұғылар жеткізетін болады деп жазады Қамшы порталы.

Dominos Japan компаниясы қыс мезгілінде жұмысқа бұғыларды пайдалануды жоспарлап жүр. Бұл жайында ақпарат Джоинфо сайтында жарияланған. Бұғыларды жұмысқа үйрету Жапонияның Исикари, Хоккайдо қалаларында жүзеге асырылуда. Ол үшін арнайы жаттықтырушылар да бар.

Компания мүшелері жоспарды орындау бағыты әлі де жетілдіріліп келетінін айтты. Ең біріншіден, бұғыларды адамдар мен басқа жануарларға зияны тимейтіндей үйрету керек. Сондай-ақ, бұғының артқы жағындағы пицца салатын сөмкені қаттырақ бекіту жағы да қарастырылады.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий