Ташкент 9 мамырды мерекелік отшашумен атап өтеді

p>

Ташкентте 9 мамырда «Жаңа Өзбекстан» саябағының аумағында Естелік және құрмет күніне арналған мерекелік отшашу атылады.

Президент жарлығына сәйкес, бұл күні мерекелік іс-шаралар елдің барлық өңірінде ұйымдастырылады.

Шавкат Мирзияевтің айтуынша, Өзбекстаннан майданға 1 миллион 500 мың адам аттанған. Кейінгі деректерге қарағанда, соғысқа барғандар саны 2 миллионға жуықтауы мүмкін.

Екінші дүниежүзілік соғыста 396 мың өзбекстандық қаза болды. Алайда кейбір деректерде майданда опат болғандар 538 мыңнан асатыны айтылады. 158 мың өзбек азаматы іс-түссіз жоғалған.

Соғысқа қатысқан 120 мың өзбекстандық түрлі медальдармен марапатталған. Президенттің айтуынша, майданға қатысты 200 мыңнан аса құпия құжат жарияланды.

Кейінгі мәліметтерге қарағанда, соғыс жылдары Өзбекстанға 1,5 миллион адам эвакуацияланған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий