Ташкент облысының санитария және эпидемиология қызметі вакцина салуға қатысты қойылған талаптардың орындалуын тексерді.
Облыстық мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6526 адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағаны анықталды. Олардың 5035-і бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде істейді.
Хабарларға қарағанда, 3200-ден астам адам жұмыстан уақытша шеттетілді, 374 адамға айыппұл салынды.
Еске салайық, биыл шілде айында Өзбекстанның бас санитар дәрігері бірқатар салада жұмыс істейтіндерді вакцина салуға міндеттеген. Ал тамыз айында президент Шавкат Мирзияев жұмыс берушілерге вакцина салдырудан бас тартқандарды жұмыстан шығаруға рұқсат беретін заңға қол қойды.