Ташкент: Украинадан 6030 өзбекстандық шығарылды

23 наурызда Украинадан Польшадағы Катовице әуежайы арқылы Өзбекстанның 146 азаматы елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуф Кабулжанов хабарлады.

Елге оралғандар арасында 42 әйел, 12 бала және 2 нәресте бар.

28 ақпаннан бері 27 әуе рейсі жасалды. Соғыс ошағынан 6030 өзбекстандық шығарылды.

Өзбекстанның Украинадағы елшілігі уақытша Львов қаласында жұмыс істеп жатыр. Елшілік Польша билігімен байланыс орнатқан.

Бұның алдында Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов өзбек дипломаттары Украинадан шамамен 6000 отандасты шығарғанын айтқан. 17 наурызда Украинада шамамен 300 өзбекстандық қалған. Оларды шығару мәселесі қиын екені хабарланған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий