Ташкентте аяғы ауыр әйелін қылқындырып өлтірген жігіт 18 жылға сотталды

Ташкент соты 2022 жылғы қазанда астананың Чилинзар ауданында аяғы ауыр әйелін қылқындырып өлтірген ер азаматқа үкім шығарды. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, олар 2016 жылы үйленген. Отбасында екі бала бар.

2022 жылғы қазанда ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалып, ұрыс кезінде күйеуі әйелін қылқындырып өлтірген. Марқұм шамамен үш күннен кейін үшінші баласын босанар еді.

Кісі өлтіру қылмысы қоқын сұрыптайтын алаңдағы бір бөлмелі барақта тіркелген. Сотта күтікті тағылған айыптарды мойындамай, әйелінің аяғы ауыр екенін білмегенін айтқан. Бұған қоса ол қылмыс жасады деп марқұмның немере ағасын айыптаған.

Әйелге дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенде, оның дүниеге келмегенегіз балаларын аман алып қалуға болар еді, деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.

Сот күдіктіні кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий