Для строительства Центра исламской цивилизации были снесены около 250 домов, расположенных вокруг комплекса Хазрати Имам (Хаст Имам).
Акцияларының 51,1% Өзбекстанның құрылыс министрі Батыр Закировтің отбасына тиесілі «Трест-12» компаниясына Ислам өркениеті орталығын салу үшін 1,7 трлн сум ($161,5 млн) бөлінеді. Бұл сома осыған дейін жарияланған қаражаттан 42,5 млн долларға көп.
Жергілікті басылымдар 11 қазанда Ташкент әкімдігі мен «Трест-12» компаниясы арасында Ташкенттің Алмазар ауданында орталықтың құрылысы бойынша жаңа келісім түзілгенін жазды.
Ислам өркениеті орталығының құрылысы Өзбекстан президентінің 2017 жылдағы бұйрығы негізінде басталған. Оны салуға Өзбекстанның құрылыс министрі Закировтің ұлы және әйелі иелік ететін «Трест-12» компаниясы таңдап алынған.
Жаңа келісім бойынша, жобаны жүзеге асыруға 1 трлн 723 млрд сум (161 млн доллар) бөлу қарастырылған. Құжатта 2018 жылдан бері құрылысқа 650 млрд сум жұмсалғаны, қалған істің құны 1 млрд 100 млн сумға бағаланғаны жазылған.
Президент бұйрығында құрылысқа ресейлік олигарх Алишер Усманов демеушілік ететіні айтылған. Ол бұл жобаға 100 млн доллар бөлген.
Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығы Ташкенттегі Хазрати Имам кешенінің айналасындағы 7 гектер жерге салынып жатыр. Осы орталықты салу үшін 250-ге жуық үй сүрілген.