Ташкентте кезекті қаржы пирамидасы анықталды

Өзбекстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталып, жүздеген адамның алданғаны белгілі болды. Бұл туралы жергілікті Хабар.уз сайты жазды.

Басылым мәліметіне қарағанда, үш жүзге жуық адамға үй және көлік алып беруге уәде еткен Rayona Qutlug атты қаржы пирамидасын құрған адамдардың бірі ақшаны алып, шетелге қашып кеткен.

Жәбірленушілер орта есеппен әрқайсысы 4-5 мың доллар, үй алу үшін 15-17 мың доллар төлегенін айтады.

2022 жылдың 10 қаңтарында тіркеуден өткен Rayona Qutlug ЖШС-ке қылмыстық іс қозғалды.

Азаттықтың өзбек қызметі банк жүйесіне халықтың сенімі аз болғандықтан, адамдар әртүрлі жолдармен қаржысын көбейткісі келіп, осындай қаржы пирамидаларына алданып қалатынын жазады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий