Орталық Азия бойынша ең ірі Ташкенттегі Республикалық эндокринология орталығы басқа жерге көшірілмек.
Орталық қызметкерлері қыркүйекте Ташкенттегі медициналық қалашық жанындағы жаңа құрылған ғимаратқа көшіп баратынын айтты.
— Ташкенттегі Республикалық эндокринология орталығы ғимаратын сүріп, босаған жерді президент мектебіне береді деп айтып жатыр, — дейді орталық дәрігерлерінің бірі.
Науқастар мерзім сайын алуы тиіс емді қабылдай алмаймыз ба деп қорқады.
Ташкенттегі орталық орналасқан Мирзо-Улугбек ауданы жері ең қымбат элиталы аймақтар қатарына кіреді. Бұл жерде бір гектар жер 2 миллион доллар шамасында болады.
Эндокринология орталығында елуден астам дәрігер жұмыс істейді. Мекеме сайтындағы мәліметке қарағанда, орталықта күніне 50 мыңнан астам адам жоғарғы технологиялық көмек алса, 8 мыңнан астам науқасқа стационарлық қызмет көрсетіледі.