Ташкентте пластикалық отадан кейін спортшы Аида Хасанова көз жұмды

Өзбекстанның Семсерлесу федерациясының бас судьясы Аида Хасанова 39 жасында көз жұмды. Бір күн бұрын жеке косметологиялық емханада ота жасаған екен. Ол жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмған.

Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға бойынша тергеу басталған.

Өзбекстанның Семсерлесу Федерациясының мәліметінше, Аида Гасанова әлем бойынша семсерлесу судьясының ең үздік бестіктің қатарына енген.

Спорт шебері Аида Гасанова Ташкентте 1983 жылы туған. 2001-2006 жылдары Орталық Азия бойынша бірнеше дүркін чемпион атанып, 2005 жылы Ұлыбританияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль иегері атанған.

Ол 2019 жылы Токиода өткен олимпиада ойындарында Азия бойынш жалғыз әйел судья ретінде қатысты.

5 наурызда пластикалық ота жасату кезінде өзбекстандық танымал блогер Фарход Маннопов та қаза болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий