Ташкент қаласы ішкі істер басқармасы базарда өзін өртеген әйелге қатысты мәлімет берді.
Ақпаратқа қарағанда, оқиға 2 мамырда Алмазар ауданындағы дүкендердің бірінің жанында болған.
43 жастағы әйел көшедегі басқа сатушы әйелмен орынға таласқан. Наразылық ретінде ол өзіне бензин құйып өртеген. Денесінің 35 пайызы күйген, ауруханаға жеткізілген.
Тергеу мәліметінше, ол осыған дейін де сауда жасайтын орынға таласып, өзін-өзі өртемек болған екен.