Ташкентте вакцина салдырмаған мыңнан астам адам жұмыстан шығарылды

ӨзА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ташкентте вакцина салдырмаған жұмысшыларды анықтайтын тексеру жүріп жатыр.

17 қаңтарда жұмыс тобы 305 шаруашылық пен 203 бюджет ұйымын тексерген. Соның нәтижесінде шаруашылықтардағы 359 жұмысшы мен бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 885 жұмысшының вакцина салдырмағанын анықтаған.

Хабарларға қарағанда, вакцина салдырмаған 1044 адам жұмыстан шығарылды, 200 адамға айыппұл салынды, бір кәсіпорынның жұмысы тоқтады.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің 18 қаңтарда хабарлауынша, елде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп, бір күнде 1214 науқас тіркелді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий