Ташкенттің тәліптерге жауабы: Өзбекстан Ауғанстанға электр қуатын жеткізуді «бір сағатқа да» тоқтатпады

Өзбекстан Ауғанстанға электр қуатын жеткізуді «бір сағатқа да тоқтатқан жоқ», Кабул Өзбекстаннан қажетті электр қуатын алады.

Бұл туралы 23 қазанда Өзбекстанның инвестиция және сыртқы сауда министрі, премьер-министрдің орынбасары Сардор Умурзаков ресейлік журналистерге мәлімдеді.

Вице-премьердің хабарлауынша, тәліптердің Ауғанстанда жасақтаған уақытша үкіметі Өзбекстаннан алған электр қуаты үшін қарызды толық өтеуге уәде берді.

«Біз мәселені талқыладық. Оған уақытша үкіметтің энергетикаға қатысы бар өкілдері, «Ауғанстан электр желісі» компаниясының адамдары қатысты. Елдегі банк жүйесі түзеліп, уақытша үкімет мойындалған соң, компаниядағы әріптестер қарызды бірден өтейді. Бірақ, соған қарамастан, біз электр қуатын тоқтатпадық», — деді Умурзаков.

Шенеунік Ташкенттің бұл шешімін «бауырлас ауған халқына қиын кезеңде көмектесуге» ұмтылыс деп атады.

Бұған дейін хабарланғандай, Ауғанстанның DABS энергетика корпорациясы БҰҰ миссиясынан көрші елдерге электр қуаты үшін 90 млн доллар қарызды өтеуге көмектесуін сұраған.

Ауғанстан Иранға 25 млн доллар, Тәжікстанға 11,2 млн, Өзбекстанға 9,9 млн және Түріменстанға 5,1 млн доллар қарыз.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий