Таулы Қарабақтың Армения қолдайтын билігі 28 маусымда таңға жуық Әзербайжанның қарулы күштері армяндардың позицияларын артиллериядан атқылағанын мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, оқ атудың нәтижесінде армян тараптан төрт жауынгер қаза тапқан.
Бір күн бұрын Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Агдам аймағында орналасқан азери позициялары атқылаған және бір әзербайжан жауынгері жараланғаны туралы мәлімет таратқан.
Оқиға 27 маусымда, Құрама Штаттарда Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлерінің үш күндік бейбіт сөйлесулері басталған кезде болған.
Халықаралық заңдарға сәйкес, Таулы Қарабақ Әзербайжан аймағы болып есептеледі. Тараптардың таласы 1980 жылдардың аяғында басталған. Негізінен этикалық армяндар тұратын Таулы Қарабақ автоном облысы Әзербайжан ССР-інің құрамынан шыққанан жариялап, 1991 жылдың қыркүйегінде өзін-өзі «Таулы Қарабақ республикасы» деп жариялаған. 1988-1994 жылдар аралығындағы соғыс 30 мыңнан астам адамның өмірін алды.
2020 жылы екі ел арасында қақтығыс болып, Армения төрт мыңдай, Әзербайжан үш мыңға жуық азаматын жоғалтқаны айтылды. Жанжал кезінде Әзербайжан Таулы Қарабақтағы бұрынғы Армения бақылайтын бірнеше ауданды және Шуша қаласын қайтарып алған.
22 мамырда Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереван өзін өзі «Таулы Қарабақ республикасы» деп атаған аймақты Әзербайжанның бір бөлігі деп тануға дайын екенін жеткізген. Бірақ ол үшін Баку аймақта орналасқан этникалық армяндардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.