Есірткі тасымалын алдын алу мақсатында Таулы Бадахшан автоном облысында жайғастырылған Тәжікстанның күш қызметкерлері Душанбеге кері қайтып жатыр.
Озоди тілшісі 29 сәуірде Душанбе-Бадахшан тас жолында Душанбеге қайтып бара жатқан әскери көліктерді көрген.
Бір апта бұрын Ауғанстанмен шекарада атыс болғанда Бадахшанға қосымша әскер кіргізілген. Онда жоғарғы қызметтегі тәжік офицері өлтіріліп, ескірті тасыған үш адам қамалған.
28 сәуірде 8 адамнан тұрған қарулы топ – Ауғанстанның Бадахшан провинциясының Барпанж ауылының тұрғындары есірткі, қару-жарақ және оқ-дәрі тасып өту мақсатында «Хорог» шекарасын кесіп өткен.
Қарсы шабуылда Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Хорог бөлімінің басшысы Комрон Раджабзода өлтірілген.
Тәжікстан әлемдегі ең ірі есірткі өндіруші болған Ауғанстанмен шекаралас ел. Екі елдің шекара қашықтығы 1300 шақырымды алып жатыр.