Таулы Бадахшан автоном облысының әкімшілік орталығы Хорог қаласында қар көшкіні болып, он адам қаза тапты. Бұл туралы Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, құтқарушылар тоғыз адамды, оның ішінде бес жастағы баланы алып шыққан.
15 ақпанда таңертең Хорог қаласында қар көшкіні болып, онға жуық үй қар астында қалған. Электр желілері зардап шеккен, қазір қалада жарық жоқ.
Соңғы бір тәулікте Таулы Бадахшанда 10 рет қар көшкіні түскенін, аймқтарда жол уақытша жабылғанын хабарлап жатыр.