Тергеу абақтысында отырған Омурбек Бабанов шетелге ұшып кетті

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Омурбек Бабанов Қырғызстаннан кетіп қалды. Осылай деп Жогорку Кеңештің депутаты Мирлан Жеенчороев хабарлады.

Бірақ ол Бабановтың нақты қайда ұшқанын айтпады. Тек 5 тамызда Бішкек – Мәскеу рейсімен ұшып кетті деді.

Бұрынғы премьер-министр 31 мамырда «Құмтөр» ісі бойынша ұсталған. 27 шілдеде сот оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, шетелде ем қабылдауға рұқсат берген. Оның адвокаты Амантур Абдырахманов Бабановқа елде диагноз қоя алмай жатыр деп мәлімдеді.

«Құмтөр» кеніші бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты Қырғызстанда бірнеше лауазымды қызметкерлер ұсталған. Олардың арасында бұрынғы және қазіргі депутаттар, шенеуніктер бар: Асылбек Жээнбеков, Торобай Зулпукаров, Исхак Пирматов және Талантбек Узакбаев, экс-президент Алмазбека Атамбаевтың Жогорку Кеңештегі өкілі Данияр Нарымбаев, Тайырбек Сарпашев және бұрынғы премьер-министр Темир Сариев.

Тергеу ісіне көмектесу жөнінде қолхат жазғаннан кейін Алмазбек Баатырбеков, Талантбек Узакбаев, Исхак Пирматов және Тайырбек Сарпашевтар тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий