The Insider журналисі Оксана Баулина Киевте оққа ұшты

The Insider басылымының журналисі Оксана Баулина Киевте редакция тапсырмасын орындап жүрген кезде, оққа ұшып, қаза тапты.

«Ол Ресей бомбалап жатқан Киевтің Подольск ауданын суретке түсіріп жүрген кезде жаңа зымыранның бомбалауының астында қалды. Онымен бірге бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Оларды ертіп жүрген екі адам жараланып, ауруханаға түсті», – деп жазады The Insider.

Оксана Баулина бұған дейін ФБК-да жұмыс істеген. Азаттықтың орыс қызметінде және «Медиазонада» тілші болған.

2017 жылы Азаттықтың орыс қызметі Оксана Баулина жайында деректі фильм түсірген. Ол кезде Оксана «Навальный Live» каналында бас редактор қызметін атқарған. Каналды Ресей билігі экстремистік ұйымдардың тізіміне енгізгеннен кейін Баулина Ресейден кетуге мәжбүр болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий