Тихановская Қырғызстанның қуғындағы экс-президентінің Минскіде жүргеніне қатысты пікір білдірді (видео)

Беларусь оппозициясының лидері, президенттікке үміткер болған Светлана Тихановская Азаттық тілшісінің Қырғызстанның экс-президентінің Минскіде тұратыны туралы сұрағына жауап берді.

«Беларусьтың өзінде не болып жатқанын айтсақ, көп адамдар мұны ойламайды. Себебі бұған дейін Лукашенконың іс-әрекеттерінің барлығы дұрыс деп қабылданып, ешкім оған қарсы тұрады деп ойлаған емес. Былтыр ғана халық көтеріліп, өздерінің кім екенін көрсетті. Енді ғана бұл мәселе беларустықтардың арасында талқылана бастады».

Светлана Тихановская 8 маусымда Азаттықтың Прагадағы бас кеңсесінде болып, журналистер сұрақтарына жауап берді.

Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенттері Светлана Тихановскаямен байланысқа шықты ма деген сұраққа, ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен де, Нұрсұлтан Назарбаевпен де ресми сөйлесу болмағанын жеткізді.

2010 жылдың 7 сәуірінде Қырғызстанда 87 адамның өмірі қиылған халық толқуынан кейін Құрманбек Бакиев Беларусь астанасы Минскіге қашып кеткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий