Тоқаев: Қамбар ата бірінші ГЭС-і ОА елдерінің энергия қауіпсіздігін нығайтады

Осылай деп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеде Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Шолпан ата қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты.

Ол сөзінде «Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді» деп атап өтті.

«Бұл бойынша Қырғызстандағы Қамбар ата ГЭС-1 құрылысын ашық талқылап жатырмыз. Кеше, біз үш елдің президенттері [Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан] бұл мәселені талқыладық. Біз өте пайдалы әрі нақты келісімге алдын ала келдік деп есептеймін», — деді Тоқаев.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров сөзінде Қазақстан және Өзбекстанның еліндегі энергетикалық жобаларға инвестиция салуын қош көретінін жеткізді.

Қырғызстан жақында 40 жыл бойы талқылаудан кейін Қамбар ата ГЭС-1 құрылысына кірісетінін мәлімдеді. Оның Тоқтағұл ГЭС-інен де ауқымды болатыны айтылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий