Тоқаев Германияға орыс мұнайын қазақ мұнайына алмастыруды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға тасылатын мұнайдың бір жылдық көлемін 200 мың тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін жеткізуді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан басшысы Шолпан атада өткен «Орталық Азия – Еуропа одағы» саммитінде мәлімдеді.

Қазақстан 2023 жылдың бес айында Германиядағы мұнайды қайта өндіруші «Шведт» зауытына 90 мың тонна мұнай жеткізген. Астана жыл соңына дейін бұл көлемді 200 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаған. Бірақ Тоқаев саммитте бұл көлемді ең аз дегенде алты есеге көбейтсе болатынын айтты.

«Бұл көрсеткішті бір жылда 1,2 млн тоннаға жеткізу мүмкіндігі бар», — деді қазақ президенті.

«Шведт» зауыты Украинада соғыс басталғанға дейін Ресейдің «Роснефти» компаниясына тиесілі болған.

Қазақстан Еуроодаққа мұнай жеткізуді биыл көбейтті. Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, Еуроодаққа биылғы жылдың бірінші тоқсанында 71% мұнай экспортталған. Былтыр бұл көрсеткіш 65% айналасында болған.

Германиядан басқа қазақ мұнайын Италия да сатып алады. Бұл өлкеге мұнай жеткізу биылғы жылдың бірінші тоқсанында 38% құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 28% болған. Ал Францияға экспортталған қазақ мұнайының көлемі 5 пайыздан 7%, Румынияға 4 пайыздан 7% өскен.

«Ведомости» басылымы 2023 жылы қаңтарда Германия Ресейден 1 млн тонна мұнай алғанын жазды. Егер Қазақстан көлемін көбейтсе, онда орыс мұнайын толық алмастыруы мүмкін.

Алайда қазақ мұнайы Германияға Ресей аумағындағы «Достық» құбыры арқылы жетеді. Көлемді көбейту үшін Қазақстан Ресейдің энергетика министрлігінен рұқсат алуы керек.

Ресейдің мұнайдан түскен табысы 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 52% қысқарған. Наурыз айында мемлекеттік бюджет тапшылығы 2,4 триллион рубльден 3,4 трлн рубльға көбейген.

Еуроодақ елдері 2022 жылдың желтоқсан айында орыс мұнайына шектеу қойған. Екі аптадан кейін орыс газына да шектеу енгізді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий