Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Президенттер Жеңіс күнінде бірін-бірі құттықтап, екі елге бейбітшілік тіледі. Бұдан бөлек қазақ-өзбек стратегиялық дамуының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылаған.
Ақорда мәліметіне қарағанда, екі елдің лидері аймақтық әріптестіктің өзекті мәселелерін, оның ішінде жазда өтетін Орталық Азия елдері президенттерінің кеңесіне қатысты пікір алмасқан.