Тоғыз жасар қызды қағып кеткен жүргізуші оның ағзаларын сатып жіберген

Қытайдың Хубэй провинциясында 33 жастағы Ван есімді жүргізуші тоғыз жасар қызды қағып кеткеннен кейін оның ағзаларын сатып жіберген. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоғыз жасар Дао Сюли жол апатынан кейін тірі қалған. Алайда жеткіншектің еміне ақша төлегісі келмеген жүргізуші оны өлтіріп тындырыпты.

Қатыгез азамат қыздың дене мүшелерін «қара базарда» сатып жіберген. Жеткіншектің мәйіті жол апатынан кейін екі күн өткенде жүргізушінің үйінен табылды.

Ер адам сол арада қыздың кей ағзаларын сатып үлгерген. Бұл жайттан кейін жүргізуші өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий