Толғатып жатқан әйелін видеоға түсірген блогер сынға қалды (ВИДЕО)

кадр из видео

Белгілі блогер Ахон Бержан келіншегінің перзентханада толғатып жатқан видеосын көпшілікке жария етті.

 

Мерзімі жетіп босанайын деп жатқан әйелі  әрине қатты қиналып отыр, ал блогер болса қасында барынша  қолдау көрсетуге тырысып бағуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогер перзентханада орын алған оқиғаны  Instagram-  дағы жеке парақшасына жүктеді.

Алайда желі қолданушылары оның бұл әрекетін қатты сынға  алды:

  «Енді жетпегені осыны көрсету ғана қалды ма», «Ұят жоқ екен», «Мұндай видеоны ұялмай қалай салып отырсың», Кейбір нәрсе жасарын болуы керек қой», «Хайп үшін бәріне баратын болдыңдар ғой», деген сынды пікірлер жазса, енді бірі «Толғақ жеңіл өтсін», «Құтты болсын» деген пікірлер қалдырған.

Комментарий (0)
Добавить комментарий