Томск миграция қызметінде өзбек азаматы соққыға жығылған (видео)

Ресейдің Томск қаласында тұратын Суражбек атты өзбек азаматы Федералдық миграция қызметінің аймақтық бөлімінің өкілі тарабынан сабалғанын білдіріп, полицияға арыз жазды. Бұл туралы ТВ2 басылымы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Суражбек Миграция қызметіне қамалған танысының тұратын мекен-жайын анықтау құжаттарын беру үшін барған. Ондағы қызметкерлер алдымен өзінің төлқұжатын сұрап, қолындағы көлік кілтін байқап қолған соң, жүргізу куәлігін де сұраған.

«Мен жүргізу куәлігі не үшін керек екенін сұрадым. Осы үшін мені қатты сабады. Одан кейін телефонға түсірген видеоны өшіруімді талап етті», — дейді өзбекстандық азамат.

Осыған дейін Суражбек әлеуметтік желілерге өзі түсірген видеоны жариялаған. Онда маска киген миграция қызметінің өкілі одан төлқұжаттан бөлек жүргізу куәлігін беруді талап етіп, өзімен ертіп барып, қол көтергенін көруге болады.

«Қай елдің азаматысың? Өзбекстан республикасының? Бұл жерге кір, тез. Камераға түсіргенді жақсы көресің бе?», — деген қызметкер.

Ішкі істер министрлігінің аймақтық басқармасы «ВКонтакте» желісіндегі парақшасына бұл оқиға бойынша арыз келіп түскенін, тексеру істері басталғанын жазды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий