Зәулім үйде тұрып, астарына қос-қостан көлік мінетін жұлдыздар салық төлеуге келгенде сараңдық танытады екен. Мәселен, Ерке Есмаханның көлік салығын төлмегеніне бір жылдан асқан. Әнші салық мамандарының бірнеше рет ескерту жасағанына құлақ аспаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әншінің мемлекет алдындағы берешегі 41 мың теңге. Көлігінің салығын төлемей жүрген шоу-бизнес өкілдерінің арасында тек Ерке ғана емес, Жеңіс Ысқақова да бар. Оның берешегі — 73 мың теңге.
«Шараның бәрі бірдей. Сотқа жіберерден бұрын 30 күннің ішінде хабарландыру жібереміз. Тұтынушының салық түбіртегін де көрсетеміз, почта арқылы хабарландыру жібереміз. Оған жауап бермесе, сотқа беруге тиіспіз»,- деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Заңғар Шыңдалы.
Мемлекет алдында жауапкершілігі аса төмен әншінің бірі-Ернар Айдар. Оның салығының көлемі -205 мың теңге.
Салық төлеуден қашып жүрген өнер иелерінің ісі бүгінде сот ұйымдарына беріліп, қарызды өндіріп алу туралы шешімдер шығарылыпты.