Трамп өзінің қызын президент басшылығына жұмысқа орналастырды

Дональд Трамп қызы Иванкамен. Фото: elle.com

Дональд Трамптың қызы АҚШ президенті басшылығына жұмысқа орналасты деп хабарлайды Qazaqtimes.kz.

Енді Иванка Трамп президенттің кеңесшісі қызметін атқармақ. Президент кеңесшісінің жалақысы әзірге қарастырылмай отыр. Иванка Трамптың осы қызметке келетіндігі жайлы 20 наурызда белгілі болған.

Бұл кезде Дональд Трамптың үлкен қызының қызметтік мансабы жайлы айтылмаған еді, тек Ақ үйде арнайы қызмет орны болатындығы жарияланған.

Бұл ақпарат халық арасында үлкен дау тудырып отыр. Америкалық БАҚ өкілдері президенттің қызында мемлекттік құпия ақпараттарға рұқсат болатындығын айтуда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий