Туған ағасымен 10 жылдан соң көріскен МС Сайлаубек көзіне жас алды (фото)

Бір кездері ішімдікке салынып, берекесіз күн кешкен МС Сайлаубек туыстарымен байланысын үзіп, бауырларынан жырақтап қалған болатын.

Мс Сайлаубек анасымен, сол жағында ағасы және продюсерімен

Ұзақ күйзелістен соң, бір сәтте жұлдызы жанып, айы оңынан туған МС Сайлаубек Қазақстанды аралап, концерт қойғаннан кейін, ауылына аттанды. Рэпер ара-қатынасы суып, 10 жыл бойы көрмеген туған ағасымен кездесті

Мс Сайлаубек отбасымен

Туған бауырлардың арасындағы салқындық неден басталғаны туралы тіс жармаған Сайлаубек екеуара кикілжіңнің жастық шақта басталғанын ғана айтты. Ағасын құшағына алған рэпер көңілі босап, көзіне жас тығылды. Ал анасы үлкен дастарханда бүкіл туыстың басын қосты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын МС Сайлаубектің Ақтөбе облысына барып, балаларға концерт қойғанын жазған болатынбыз.

 фото:s.zagranitsa.com
Дереккөз: Nur.kz




Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий