Туған анасы ішімдік берген 4 айлық бала тіл тартпай кетті

Көрнекі сурет. Фото әлеуметтік желіден алынды

Иркутск облысында сәби алкогольді ішімдіктен уланып көз жұмды деп хабарлайды Ria.ru басылымына сілтеме жасап «Қамшы» порталы.

Тергеудің мәліметінше, анасы 4 айлық баласын тыныштандыру үшін суға алкагольді ішімдік қосып берген. Алкагольді ішімдіктен уланып сәби қайтыс болды. Тергеу барысында әйелдің тағы екі баласы бар екені анықталған.

Екеуі де ата-ана құқығынан айырылған. 26 жастағы әйелге «абайсызда кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий