Туған сәбиін пакетке салып, балалар үйіне беріп жіберген ана жаға ұстатты (фото)

Пакеттен табылған сәби. Фото: South China Morning Post

Қытайда қатыгез әйел туған баласыy пакетке салып жеткізу қызметі арқылы балалар үйіне беріп жіберген деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жеткізу қызметінің қызметкері пакетте кішкентай сәбидің бар екенін байқаған бойда полицияға хабар берген.

Басылымының жазуынша, ол алдымен пакеттің қозғалғанын содан соң баланың жылаған дауысын естіген.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы бір қалыпты. Қазіргі уақытта қатыгез ана қамауда отыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий