Украина Еуроодаққа кандидат мәртебесіне маусымда ие болуы мүмкін

Украина биыл маусым айында Еуроодаққа кандидат мәртебесіне ие болуы мүмкін. Осылай деп Украинаның Еуропа және еуроатлантикалық интеграция мәселелері бойынша вице-премьер-министрі Ольга Стефанишина мәлімдеді.

«Украина Еуродаққа мүше болу үшін анкета алды. Біз өте көп дайындық жұмыстарын жүргіздік. Сол себептен тез әрекет етуге дайынбыз», — деп жазды Стефанишина Twitterжелісіне.

Еурокомиссии басшысы Урсула фон дер Ляйен 8 сәуірде Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Еуроодаққа кіруге келіссөзді бастау үшін анкетаны тапсырды.

«Сіздің ЕО-ға жолдарыңыз басталып жатыр. Бұл қысқа жол болады»,- деді Еурокомиссия басшысы. Ол әдетте кандидат мәртебесін алу процесіне бір жыл кетеді, ал Украина үшін бір апта болуы мүмкін деді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий