Украина: Киев батыс әріптестерінен 140 танкі алады

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Киев батыс әріптестерінен 140 танкі алады деп мәлімдеді.

«Халықаралық танкі коалициясында 12 қатысушы бар. Олардың бірқатары ішкі процедурасына сәйкес тиісті шешімдер қабылдауы тиіс. Алғашқы кезеңде 120-140 танкі аламыз деп отырмыз», — деді ол.

Оның сөзінше, Украинаға келетін танкілер — Leopard 2, Challenger 2 және M1 Abrams. Украина сонымен бірге Leclerc танкісін аламыз деп үміттенеді.

20 қаңтарда Германияда Украина әріптестерінің қатысуымен «Рамштайн» форматында жиналыс өтті. Онда Украинаға кезекті әскери көмек беру жөнінде талқыланды.

АҚШ 90 Stryker бронетранспортерын, 59 Bradley шабуылдаушы көлігін, Avenger әуеқорғаныс жүйесін, 350 HMMWV көлігін және 31 Abrams танкісін береді. Германия Киевке 14 Leopard танкісін беретін болды әрі өзге елдерге де Германияда жасалған танкілерді беруге рұқсат берді. Польша Украинаға 14 Leopard және басқа 60 танкі беретін болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий