Украина президенті Путинге Донбасста кездесуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путинге Донбасста кездесу ұйымдастыруды ұсынды.

Зеленский халыққа жасаған үндеуінде Украина соғысты қаламайтынын, бірақ қорғануға дайын екенін жеткізді. Ол азаматтарды «соғысты бастауға» шақырып жатқан саясаткерлерді тыңдамауға және жағдайды ушықтырмауға шақырды. Сөзінің соңында украин лидері орыс тілінде Ресейге қайрылды.

«Бір жолы Ресей президенті соғыстан қашып құтылуға мүмкін емес екенін, бірінші болып соққы жасау керектігін айтты. Бірақ миллиондаған адамның өмірі мен шын соғыс жайлы болып жатқанда, әрбір лидер соғысты болдырмауға болатынын түсіну керек деп ойлаймын. Соғыстан барлық тараптар ұтылады»,- деді Зеленский.

Оның сөзінше Украина мен Ресей болашаққа екі жолмен қарайды, бірақ оларда әскери қақтығысты тоқтатуға мүмкіндік бар. «Путин мырза! Мен одан да сізге соғыс жүріп жатқан Донбасстың қалаған жерінде кездесуді ұсынамын», — деді ол.

Әзірге бұл ұсынысқа Кремль жауап бермеді.

Зеленский бұл мәлімдемесін Украина шығысында жағдай қиындап тұрған кезде жасады. Донбасстың жікшілдер бақылау алған және аннексияланған Қырым түбегіне жақын жерге орыс және украин әскері тартылған. Еуропа одағының сыртқы саясат мекемесінің басшысы Джзел Боррелдің айтуынша, Ресей Украина шекарасына жақын жерге 150 мыңға жуық әскерін орналастырған.

Мәскеу болса жаттығу мақсатында орналастырғанын айтып жатыр.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий