Украина Ресейге Мариупольде Пасха мерекесіне орай бітім жариялауды ұсынды

Дети в бункере «Азовстали»

Украина православ христиандар атап өтетін Пасха мерекесіне орай Ресейге бітімге келуді ұсынды. Киев бітім аясында Мариуполь қаласы мен «Азовсталь» зауыты аумағындағы адамды эвакуациялауды көздеп отыр.

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк әлеуметтік желілерде былай деп жазды: «Ресей Федерациясына аз қалған абыройы туралы ойлауды ұсынамын. Ол үшін бар болғаны үш «мариупольдік қадам» жасау қажет: Пасха кезінде Мариупольде бітім жариялау, бейбет азаматтарға гуманитарлық дәліз беру, жауынгерлерді алмастыру үшін келіссөздердің арнайы раундына келісу».

Мариупольдегі жағдайға қатысты арпайы келіссөз өткізуді Украина бұған дейін де ұсынған, бірақ Ресейден жауап болмады. Мариупольден шығатын гуманитарлық дәліз ұйымдастыру әрекеті іске аспады. Бұны қос тарап та мойындады.

Үш күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин «Азовсталь» зауытын шабуылдамауды тапсырды. Сол кезде Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Мариуполь қаласының осы зауыттан басқа аумағына бақылау орнатылғанын мәлімдеген. Сол күні Ресей БҰҰ бас хатшысы Антонио Гуттериштің Пасха мерекесінде Украинамен бітімге келу жөніндегі ұсынысынан бас тартты.

Ресей әскері «Азовсталь» зауыты аумағын атқылауды доғарған жоқ.

Украинаның «Азов» полкы командирінің орынбасары Святослав Паламарь 24 сәуірде «Азовсталь» зауытынан видеоүндеу таратты. Ол Мариуполь қаласындағы адамдарды босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға үндеді. «Бүгін Пасха, бірақ соған қарамастан жау әуеден бомба тастауды доғармады, артиллерия мен пушкалар оқ жаудырып, жау танкілері соққы жасап, жаяу әскер шабуылдауға талпынып жатыр. Сіздер Пасха суреттерін жолдап жатқан уақытта, Мариуполь қаласында жау бейкүнә балалардың үстіне бомба тастап жатыр», — деді Паламарь.

Бұған дейін хабарланғандай, зауыт аумағында жүздеген қала тұрғыны жаудан жасырынып отыр.

Ресей әскерилері «Азовсталь» зауытынан шығатын гуманитарлық дәліз жасауға дайын екенін бірнеше мәрте мәлімдеген, бірақ олар украин жауынгерлерінің берілуін талап етіп отыр.

Мариуполь қаласындағы ұрысқа екі айға жуық уақыт болды. Қаланың үлкен бөлігі қирады. Мұнда мыңдаған бейбіт тұрғын опат болды. Нақты қанша адам қаза болғанын соғыс уақытында есептеу мүмкін емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий