Ресей аннексиялаған Севастопольдағы мұнай сақтайтын орынға шабуыл жасау – Киевтің қарсы шабуылға дайындығының бір бөлігі. Бұл туралы Украинаның қорғаныс күштерінің оңтүстіктегі өкілі Наталья Гуменюк мәлімдеді.
Гуменюктің сөзінше, мұнай базасындағы өрттен кейін орыс әскерінің үрейі күшейіп, отбасын эвакуациялап, мүмкін болса Қырымды тастап кетуге дайындалып жатыр.
«Бұл іс барлығы күткен кең масштабты шабуылға дайындық», — деді Наталья Гуменюк.
29 сәуірде Севастополь қаласындағы Казачья ауданындағы мұнай базасында өрт шықты. Төрт цистерна өртке оранған, ешкім зардап шекпеген. Қазір Севастопольдағы Ресей тағайындаған губернатор базаға дрон шабуылдағанын хабарлады. Олардың бірі атып түсірілген.
Украина президенті Владимир Зеленский Севастопольға шабуылдайтын күні Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия журналистеріне берген үлкен сұқбатында Украинаның шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді азат ететініне сенімді екенін мәлімдеді.