Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба 19 ел Украинаға қару-жарақ жеткізіп, 16 елден еріктілер келіп жатқанын мәлімдеді.
«Біз соғысқа қарсы халықаралық коалицияны мобилизациялай алдық Коалицияға 86-ға жуық ел мен 15 халықаралық ұйым кіреді. Украинаға 19 ел, бірқатары тарихында бірінші рет қару-жарақ жөнелтіп жатыр. 10 мемлекет қаржылай жәрдем және 22 мемлекет гуманитарлық көмек көрсетеді. 16 елдің еріктілері агрессорға жауап беру үшін украин еліне келіп жатыр. Қазір олардың саны мыңнан асты, ерікті болуға өтініш білдіргендердің саны көп», — деді Кулеба.
Украина 1 наурыздан бастап еріктілер үшін визасыз режим енгізді. Кулеба 38 ел орыс ұшақтары үшін әуе жолдарын жапқанын хабарлады. Жақын арада орыс кемелері үшін порттарды да жабу қарастырылып жатыр. Ұлыбритания мен Канада орыс кемелерін өз аймағына кіргізуді тоқтатты.