Украинадағы Қырғызстан елшілігі қырғыз азаматтарын эвакуациялау жөнінде соңғы мәліметтерін жариялады.
Елшілік Украинада тұратын 300 қырғыз азаматымен үнемі байланысып отырғанын жеткізді. Олардың 680-і консулдықта тіркеуде тұр. Қазір Киевте 100, Одессада 90, Харьковте 80 қырғыз азаматы бар.
27 ақпанда Польшаға 14 адам, Молдоваға 18 адам өткен. 96 адам Венгрия, 15-і Польша, 4-і Румыния жолында екен.
Украинаның Киевтен кейінгі екінші ірі қаласы Харьковте қазір соғыс жүріп жатыр. Ресей әуе күштері 24 ақпаннан бері Украина аймағына зымыран ұшырып жатыр. Украина азаматтары көрші елдерге үдере кетіп жатыр. Негізінен әйелдер мен балалар және қариялар кетіп жатыр. Ер азаматтар жіберілмейді.