Украинадағы соғыс жайлы материалы үшін қазақстандық басылым Ресей сотына шақырылған

Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс жайлы материалы үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алғанын мәлімдеді.

Сотқа арызданушы Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі деп жазылған. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген.

Arbat.media басылымының жазуынша, шақырту қағазында «Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымның Украинадағы соғыс жайлы мақаласынан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады» деп жазылған.

Аrbat.media порталының редакциясы өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтінін жеткізді.

Бұл бүгінге қазақстандық БАҚ-тың Ресей сотынан шақырту алып отырған бірінші жағдай. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық байланыс саласын бақылау федералдық қызметі (Роскомнадзор) бірқатар қазақстандық басылымнан Украинадағы соғыс жайлы материалдарды алып тастауды талап еткен.

Роскомнадзордан Аrbat.media, «Власть», Informburo.kz, Ratel.kz, Newtimes.kz басылымдары Украинадағы соғысқа қатысты материалдарын өшіруді талап еткен хат алған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий