Украинаның жоғарғы радасында депутаттар арасында орыс тіліне байланысты төбелес болды.
Бұл туралы «Интерфакс-Украина» ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
Депутаттардың бір-бірлеріне жұдырық ала жүгірулеріне «Оппозициялық блок» фракциясының өкілі Александр Викулдың сөзі себепкерлік етті. Басылымның жазуынша, ол өзінің әріптестеріне қарап орыс тілінде сөз бастаған. Мұнысы депутаттардың бірқатарына ұнамай, ашу-ызаларын туғызып жіберген.
Сол салғыласу барысында «Халық майданы» франкциясының депутаты Юрий Тимошенко әріптесі Викулды мінбеден итеріп шығарып жібермек болады. Соның салдарынан екеуі жаға ұстаса кетеді.
Осыдан кейін бірінші вице-спикер Ирина Геращенко отырысты тездетіп жауып тастады. Бұл бірқатар депутаттарға таға ұнамай қалды.