28 ақпаннан 9 наурызға дейін Украинадан Польша арқылы эвакуацияланған өзбек азаматтарының саны 5037-ге жетті. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Юсуф Кабулжанов мәлімдеді.
Оның сөзінше, 8-9 наурыз күндері Польшаның Катовице әуежайы арқылы тағы 250 өзбекстандық Ташкентке жеткізілді. Бұдан бөлек Өзбекстанның Украинадағы елшілігі халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмегімен Сумы қаласынан 23 өзбек студенті эвакуацияланды.
Өзбекстан СІМ мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні өзбек дипломаттары Украинадан қашып шыққан өзбекстандықтарды еліне жеткізу үшін Молдовада да әрекет жасап жатыр.