Украинаның экс-президенті Пётр Порошенко мемлекетке сатқындық жасады деген күдікке ілінді

Украинаның бұрынғы президенті Пётр Порошенко «мемлекетке сатқындық жасады» және «терроримзге көмектесті» деген күдікке ілінді. Бұл туралы жергілікті агенттіктер дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, өлкенің экс-президентіне қарсы Донбасстағы ресейшіл жікшілдерден көміп сатып алуға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Шетелде жүрген Порошенкоға бұл айыптар бойынша пошта арқылы хабар берілген.

Украинада өлкенің шығысындағы өздері құрып алған жікшіл республикалар террористік ұйым деп табылған. Осыған дейін көмір сатып алу ісіне байланысты «Оппозициялық платформа — Өмір үшін» партиясы саяси кеңесінің басшысы Виктор Медведчукқа «Мемлекетке сатқындық жасады» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу амалына сәйкес, Киев көмір шахталары орналасқан Донбасс аймағына бақылау жасай алмай қалғандықтан, Оңтүстік Африка республикасынан көмір сатып алуға әрекет жасаған. Бірақ Медведчук көмірді жікшілдерден сатып алу үшін Африкамен келісімді бұзған.

8 желтоқсанда Украинаның қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Баканов көмір сатып алу бойынша Медведчук пен Порошенко арасында жасырын келісім болған-болмағанын тексеріп жатқанын айтқан.

Медведчук пен Порошенконың өкілдері айыптауларды теріске шығарып, қылмыстық іс саяси негіздермен қозғалғанын айтады. Бұл саясаткерлердің партиялары украин парламентіндегі ірі оппозициялық фракцияларға бақылау жасайды.

Порошенко партиясының орталық штабының жетекшісі Александр Турчинов «Украинская правда»басылымына саясаткер шетелден келгеннен кейін тергеу сұрақтарына жауап беретінін жеткізген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий