Тойлардың бірінде тым қысқа көйлекпен би билеген бойжеткен желі қолданушыларының ашуын келтірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Әлеуметтік желіге тараған видеоны көргендер «әуретті жері көрінуге шақ» бойжеткенді сынның астына алды.
«Масқара», «Көйлегі неткен ыңғайсыз еді», «Мен көріп, ұялып кеттім», «Мына қыздың көйлегі қазір ашылып қала ма деген оймен шошып отырдым», «Тамада да тұра бермей тоқтатып тастауы керек еді», «Бар жерін, жалтыратып, ұят қайда?», — деп күйінді пікір қалдырушылар.