Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Қытай билігіне Ресейге қару-жарақ бермеу керектігін ескертті.
Ол Пекин Мәскеуге тікелей де, жанама да ешқандай әскери қару бермейді деп үміттенетінін жеткізді. «Агрессорға қару-жарақ беру — халықаралық талаптарды бұзады және біздің арамыздағы келісімдерге кері әскерін тигізеді», — деді Еурокомиссия төрайымы Пекиндегі баспасөз мәслихаты кезінде.
6 сәуірде Урсула фон дер Ляйен мен Франция президенті Эммануэль Макрон Пекинде кездесу өткізді. Онда екі тарапты және үш тарапты кездесулер өткен.
«БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде Қытайдың жауапкершілігі өте зор. Пекин өз рөлін атқарып, әділетті дүниелерді қолдайды деген үміттемін. Мемлекеттердің егемендігін және аймақтың бүтіндігін сыйлау – БҰҰ жарғысында бекітілген маңызды принцип», — деді Ляйен.