Uzbekistan Airways ұшағы жарылғыш туралы хабардан соң Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

Uzbekistan Airways компаниясының Airbus A320 ұшағы «бомба қойылған» деген хабардан соң Мәскеудегі «Домодедово» әуежайына қонуға мәжбүр болды. Жолаушы ұшағы HY-710 «Минск – Ташкент» рейсін орындау үшін әуеге көтерілген.

Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 сәуірде ұшақ Минск ұлттық әуежайынан сағат 15.39-да (Ташкент уақытымен) ұшқан.

«А320 ұшағы Ресейдің әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан уақытта Uzbekistan Airways әуе компаниясы қызметкерлерінің, сонымен бірге Ресей және Беларусь әуе қызметтерінің e-mail-деріне белгісіз біреуден хат жолданған», – делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

А320 ұшағының командирі ұшақты тексеру мақсатында «Домодедово» әуежайына қонуға шешім қабылдады.

«Бекітілген тәртіппен лайнер, жолаушылар, олардың жүгі және пошта тексерілді. Ұшаққа жарылғыш орнатылғаны туралы мәлімет жалған екені анықталды», – деп мәлімдеді Uzbekistan Airways.

Компания мәліметінше, ұшақтағы 104 жолаушының өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий