Вахдат ұстаздарын Жұлдыз Османованың концертіне 20 билеттен алуға мәжбүрлеген

Тәжікстандағы Вахдат қаласындағы мұғалімдер мен дәрігерлер, сонымен бірге дін қызметкерлері танымал өзбек әншісі Жұлдыз Османованың концертіне билет алуға мәжбүрлеп жатқанын айтты.

Өзбек эстрадасының жұлдызы 23 мамыр — Жастар күні қалалық стадионда концерт береді. Билет 30-50 сомони (2.7 — 4.5 доллар) тұрады.

Вахдат қалалық ауруханасы дәрігерінің айтуынша, оған алты билет сатып алуға мәжбүрлеген. «Әуелі бір билет сатып аласыңдар деді, мен қарсы болмадым. Ертесіне әрбір дәрігерге тағы бес билеттен таратты. Концертке бармасаң да билет ақысын төлеуің керек. Әр билет 50 сомони тұрады. Маған 300 сомони төлеу керек», дейді жергілікті дәрігер.

Вахдаттағы Ромит жамағатындағы ауылдық мектептің бір ұстасыз жергілікті билік мұғалімдерді де билет сатып алуға мәжбүрлегенін айтты. «Біздік мектепке адам басына 30 сомониден 10 билеттен сатып алуға міндеттеген. Тағы он билетті ауыл тұрғындарына сатып беруіміз керек. Сата алмасақ, оның да ақшасын өз қалтамыздан төлеуіміз керек», деп шағымданды мұғалім.

Вахдаттағы басқа да бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің қызметкерлері билет сатып алуға мәжбүр болғанын айтты. Жергілікті мешіттердің имамдарына да билет таратылған, бірақ оларға концертке бару міндетті емес екенін ескерткен.

Қалалық әкімдіктегілер Османованың концерті мәдениет министрлігінің бастамасымен Жастар күні өтетінін растады.

«Біз ешкімді билет сатып алуға мәжбүрлемедік. Мәдениет министрлігінен өзбек әншісі Жұлдыз Османованың концерті өтетіні жөнінде хат алдық. Билеттер келді, бағасы қымбат емес. Тұрғындар қуансыз», дейді қала төрағасының орынбасары Шоира Әдбірахимова.

Тәжікстан мәдениет министрлігі бюджет қызметкерлерінің шағымына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Танымал өзбек әншісі Жұлдыз Османова 22 мамырда Душанбе амфитеатрында үлкен концерт берді. Билеттер 300-400 сомониден сатылды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий