Вакцина салдырғандар Өзбекстанға кірерде ПЦР-тест тапсырмайды

16 наурыздан бастап вакцина салдырғанын айқақтайтын құжаттары бар шетел азаматтары Өзбекстанға кірерде ПЦР-тест тапсырмайды. Республиканың арнайы комиссиясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Комиссия шешіміне сәйкес, вакцина салдырғаны туралы куәлігі жоқтар ПЦР-тест анықтамасын көрсетеді. Оны елге кірерден кем дегенде 72 сағат бұрын тапсыру керек. Өзбекстан шекарасынан өтер кезде экспресс-тесттен де өтуге болады.

Бұған қоса, арнайы комиссия Өзбекстан мен Қазақстан арасында орналасқан шекара бекеттеріндегі уақытша кедергілерді алып тастады. Өзбекстан мен Қазақстан арасында халықаралық темір жол қатынасы қайтадан орнайды. Сонымен бірге, екі ел арасында автобус қатынасы қайта ашылды.

Жақында Өзбекстанға кіретін шетел азаматтарына арналған электронды виза (E-VISA) беру жұмысы қайта іске қосылады, сонымен бірге туристерге қызмет көрсететін Call-орталық ашылады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий