Венесуэла президенті елдегі ең төменгі жалақыны 60 пайызға өсірді

Ниуколас Мадуро. Фото: 24.kz

Венесуэла президенті Николас Мадуро аймақтық сайлау өткізіп, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және полицейлердің жалақысын өсіруге уәде берді деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Мадуро жергілікті телеарнада берген сұхбатында мәлімдеді. Ал губернаторларды сайлау былтыр өтуі керек еді. Бірақ биліктің оны кейінге шегеруі және елдегі экономикалық ахуалдың нашарлауы халықтың наразылығын туғызып, Венесуэлада шерулер көбейді. Салдарынан 29 адам көз жұмған.

«Егер өңірлік сайлау өтетін болса, оппозиция жеңіске жетеді», — дейді сарапшылар. Мадуроның қарсыластары оны биліктен кетіріп, келесі жылы президенттік сайлау өткізуді қалайды.

«Мен төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерін және мемелкеттік қызметкерлердің барлығының еңбек ақысын 60 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ аймақтық сайлау өткізуді қолдаймын. Себебі халыққа сенемін», — дейді Венесуэла президенті Николас Мадуро.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий