«ВКонтакте» әлеуметтік желісі шетелге көшу, өзге елде тұру құжатын алу, шетелде оқу секілді қызметтерді жарнамалауға тыйым салды. Желі мәлімдемесін кәсіпкер Алексей Поспехов фейсбуктегі парағына жариялады..
БАҚ мәліметінше, әлеуметтік желі басшылығы жарнаманың мұндай түріне шынымен тыйым салған. Көшуге, құжат рәсімдеуге жанама қатысы бар қызметтер де жарнамаланбайды.
Мәліметтерге қарағанда, «ресми түрде жарияланбаған тыйым» 2022 жылғы күзде қабылдаған. Сол кезде Ресейде «ішінара» мобилизация жарияланып, әскерге жарамды азаматтар шетелге кетуге тырысқан.
VK компаниясы акцияларын басқару пакеті «Газпром-медиа» мен «Согаз» сақтандыру компаниясына тиесілі. Олардың қожайындарының арасында Владимир Путиннің досы Юрий Ковальчук пен оның отбасы, президенттің туысы Михаил Шеломов пен «Газпром» бар. Компанияны президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенконың ұлы Владимир Кириенко басқарады.
2022 жылы Ресей азаматтары соғысқа байланысты шетелге жаппай көше бастаған уақытта билік бақылауындағы медиаалаңдар мен БАҚ-тар өзге елге қоныс аудару қызметтерін жарнамалауға тыйым салған.