Владимир Зеленский: «Қырым азат етілмей соғыс тоқтамайды»

Киев Украинаның оңтүстігі мен шығысында басып алынған жерлерді жаудан босатуға күш салады, бірақ біздің түпкілікті мақсатымыз — 2014 жылы Ресей халықаралық құқықты бұза отырып аннексиялап алған Қырым түбегін азат ету болып қала береді.

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні Одессада CNN телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

«Біз Украинаны Қырымсыз елестете алмаймыз. Қырым Ресей басқыншылығынан азат етілмей соғыс тоқтамайды» дейді Зеленский.

Қырымсыз бейбіт келісімге келу мүмкін бе деген сауалға Зеленский: «Онда ол жеңіс болмайды» деп жауап берген.

Владимир Зеленский сұхбатының сұхбатының толық мәтіні 3 шілдеде жарияланды.

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр дүйсенбі күні өткен аптада тағы бірнеше шаршы шақырым жер азат етілгенін хабарлады. «Оңтүстіктікте жалпы алғанда 158,4 шаршы шақырым жер босатылды» дейді шенеунік.

Ресей жағы Киев мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий